Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі етіп Бейбіт Атамқұловты тағайындады. Бұл тағайындауға дейін Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның инвестиция және даму министрлігінің жауапты хатшысы болып қызмет етіп келген.
Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы 1964 жылдың 19 мамырында Алматы облысында туған.
1986 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша тәмамдады.
2000 жылы Санкт-Петербугр мемлекеттік экономика және қаржы университетін тәмамдады, экономика ғылымдарының кандидаты.
1985 жылдан бастап А.П.Завенягин атындағы Норильск тау-кен комбинаты зауытының балқытушысы болып істеді.
1986 жылдан — Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, шебері, цехтың аға шебері, ОКС жетекші инженері, жетекші инженер, ВЭС бөлімі басшысының орынбасары.
1991 жылдан 2006 жылға дейін жеке секторда, өндірістік кәсіпорындардың жетекшісі ретінде жұмыс істеген.
2006 жылдан — Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесшісі.
2007 жылдан — Қазақстанның Ирандағы Елшілігінің кеңесшісі.
2008 жылдан — Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласындағы бас консулы.
2010 жылдан — Қазақстанның Малайзиядағы, Индонезиядағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппиндегі төтенше және өкілетті елшісі.
2012 жылдан — Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы.
2014 жылдан — Қазақстан Республикасының инвестиция және даму министрлігінің жауапты хатшысы.