Жас баланы көлік басып кетті

331

Шымкентте тапа-тал түсте кішкентай бүлдіршіннің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. «Жоғарғы Отырар» шағынауданының маңында 8 жасар баланы көлік қағып кетті. Келеңсіз оқиға сол төңіректегі дүкендердің біріндегі бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

002

Куәгерлердің айтуынша, техникалық қызмет көрсету орталығында жөндеуде тұрған автокөлік кенеттен артқа жылжып кеткен. Бірте-бірте екпін алған темір тұлпарды жүргізуші мен сол маңда жүрген балалар тоқтатуға тырысыпты.

Алайда лезде жылдамдық алған көлік бүлдіршіннің бірін қағып кеткен. Оқыс оқиғадан соң жүргізуші зардап шеккен баланы таксимен ауруханаға жеткізіпті. Қазір белгілі болғаны, бүлдіршін қалалық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр. Оқиға барысын полицейлер тексеруге алған.