Қазақстандық боксшылар алтын медальдан қағылды

276
Алтын медальдан Данияр да қағылды, фото vesti.kz сайтынан

Дохадағы бокстан әлем чемпионатында отандық былғары қолғап шеберлерінің жолы болмады. Олимпиадаға лицензия ойнатылатын дода қазақстандықтар үшін осылайша аяқталатынын сарапшылар да күтпеген болатын. Осыған дейінгі халықаралық аренада топты жарып жүрген Қазақстан боксшылары кем дегенде екі алтын медаль жеңіп алады деп жоспарланған еді.

Алайда, ел қоржынына екі күміс медальды Данияр Елеусінов пен Иван Дычко ғана сала алды. Нәтижесінде, ресми емес командалық сынақта қазақстандықтар сегізінші сатыны ғана қанағат етті. Ал бірінші орынды Кубаның боксшылары еншіледі.

Алтын медальдан Данияр да қағылды, фото vesti.kz сайтынан
фото: //vesti.kz

Шымкенттік Закир Сафиуллин мен Қайрат Ералиев та бірінші айналымда-ақ жарыстан шет қалды. Дегенмен, жерлестеріміз үшін алдағы тағы екі халықаралық турнирде Олимпиадаға жолдама жеңіп алуға мүмкіндік бар.