Шымкентте ұшқышсыз ұшақ шығарылады

541
Ұшқышсыз ұшақ

Шымкентте ұшқышсыз ұшақ шығарылады. Оның ерекшелігі сол – әуеде қалықтайтын мамандардың қажеті жоқ, арнайы бағдарламаның көмегімен самғайды. «Роб Авиа» – Қазақстанда ұшқышсыз ұшақ шығаратын және оны қолданысқа енгізген жалғыз компания.

Ұшқышсыз ұшақ

Шағын ғана ұшақтың салмағы небәрі 20-30 келі. Ресейден арнайы шақырылған мамандармен бірге Шымкенттің құрастырушы-инженерлері бірлесе жасап шығарған. Барлық қадам негізінен компьютерлік жүйелер арқылы қадағаланып, механикалық және электронды автопилот арқылы басқарылады.

Ол үшін бортта басқару құралы орнатылған. Оператор бар болғаны ұшықтың бағытын, ұшу аумағын, биіктігін, жалпы координаттарын бақылап отырады. Егер қандай да бір тосын жағдай орын алса, аппаратты кері қайтаратын жүйе жұмыс істейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=2BT_6kakid8[/youtube]

Виталий Сауляк, «Роб Авиа» компаниясының бас құрастырушысы: «Ұшақтың салмағы ауыр емес, 20-30 келі шамасында. Одан өзге 6-10 келіге жуық жүк тасуға мүмкіндігі бар. Ұшу ұзақтығы 2 сағаттан 9 сағатқа дейін жетеді. Белгіленген тапсырмаға сәйкес 100 метрден бастап 7000 метрге дейінгі биіктікке көтеріле алады. Орташа жылдамдығы сағатына 70-150 шақырымды құрайды. Мұндай жылдамдықта кез келген нәрсені байқап, жүмыстарды атқаруға болады. Аппараттың қауіпсіз түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағдарлама орнатылған.»

Ұшқышсыз ұшақ

«Роб Авиа» компаниясы Шымкентте 2014 жылы құрылған. Бір жылдың ішінде осындай ұшқышсыз ұшырылатын 10 аппарат жасап шығарыпты. Әрқайсысының өз атауы бар. Мәселен алғашқысын «Самұрық 3М», деп атаса, келесісі «Самұрақ 5М» деген атауға ие. Олар түрлі жағдайға ыңғайланып жасалынады. Бірі ауыл шаруашылығы, енді бірі әскери салада іздестіру шараларына лайықталған. Компания өкілдерінің дайын ұшақтары ашық алаңқайда сыналды.

Александр Велесек, құрылтайшы: «Ұшқышсыз ұшу аппаратын көбіне халық шаруаашылығына пайдалануға болады. Егістік алқаптарынды дәрілеуде, газ-мұнай құбырлары бар арнайы аймақтарды қолдануда таптырмайтын дүние. Тіпті орман шаруашылығында орын алған өрт кезінде өте қажет. Өйткені ұшу аппаратының өрттен хабар беретін арнайы дыбыстық белгісі болады. Халық тығыз орналасқан жерлерге ұшыру да қауіпсіз және бағасы да қымбат емес.»

Бүгінде мұндай ұшу аппаратына қажеттілік артып келеді дейді компания өкілдері. Өйткені бұл арзан, ұшқышты қажет етпейді және қолданыста өте тиімді. Сондықтан мамандар алдағы уақытта шағын ұшақтардың санын көбейтуді көздеп отыр.

Әлімхан Дүйсенғалиев