ОҚО әкімі Францияның бас консулымен кездесті

274
Бас консул Патрик Ренар

Оңтүстік Қазақстан облысына Францияның Алматыдағы бас консулы Патрик Ренар жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі қонақ өңір басшысы Бейбіт Атамқұловпен кездесіп, екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Бас консул Патрик Ренар

Атап айтқанда, инфрақұрылымдық жобаларға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және өңірдегі туризм салаларына инвестициялар тарту жайында айтылды.

Француз дипломаты өзара ынтымақтастықты кеңейту үшін мемлекеттік және жекеменшік серіктестіктің мүмкіншіліктері жоғары екенін айтып өтті.

Бас консул ОҚО әкіміне жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, іскерлік әрі серіктестік ынтымақтастықты одан әрі дамытатындары жөнінде сенімділік білдірді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі