Оңтүстікте бірегей ескек есу кешені ашылды

718
Ескек есу базасы

Оңтүстік Қазақстандағы Бадам су қоймасының маңынан байдарка және каноэда ескек есуден оқу-жаттығу базасының спорт ғимараты ашылды. Елімізде теңдесі жоқ бұл кешен су және ескек есу спорт түрлері үшін әмбебап оқу-жаттығу базасы болып табылады.

Ескек есу базасы

Ескек есу базасы

130 адамға арналған заманауи спорт орталығының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков қатысты. 8 гектар аумақты алып жатқан спорт базасында бір мезгілде жүзден астам спортшы оқып, жаттыға алады.

Ескек есу базасы

Мұнда спортшыларға жатын бөлме, екі жаттығу залы, 50 адамға арналған асхана мен монша қарастырылған. Сонымен қатар екі спорт алаңшасы, қайықтарды қажетті температурада сақтайтын қойма мен жөндеу орындары да бар.

Ескек есу базасы

Бүгінде Оңтүстіктің ескекшілер командасы Олимпиадаға жолдама алу үшін Индонезиядағы Азия чемпионатында сынға түсуде.