Түркістанда жаңа нысандар бой көтеруде

83

Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеев су спортын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Атап айтсақ, олар есекек есу және байдарка.

Қазіргі уақытта аталмыш спорт түрлерінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Жұмыс барысын бақылаған Ө.Шөкеев жауапты тұлғаларға тапсырма беріп, құрылысты уақытылы аяқтауды жүктеді.

Одан бөлек, жоспар бойынша 35 гектар жерде орналасқан кешенде Поло-клуб, манеж, стендтік атысқа арналған алаңқай, садақ атуға арналған алаң, канал арқылы өтетін көпір мен атпен серуендеу аймағы салынады дейді сала мамандары.

Облыс әкімі Түркістан қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен де танысты. Әкімшілік-іскерлік орталықта 5, 7, 9, 12 және 20 қабатты 60 тұрғын үй бой көтерген. Жыл басынан бері 500-ге жуық түркістандық отбасы қоныс тойын тойлаған.

Жоспарға сәйкес 108 көпқабатты тұрғын үйдің 26-ы қолданысқа тапсырылса, ал қалған 82-і биыл аяқталады дейді жауаптылар.

Жоспарға сәйкес, жаңа оқу жылында Түркістан қаласында 900 орындық мектеп ашылады. Білім ұясы заманауи қондырғылармен жабдықталатын болады. Облыс әкімі жаңа мектептің құрылыс барысын бақылап, мердігерлермен кездесті. Мамандардың айтуынша, білім ошағында ішкі құрал-жабдықтары орнатылған. Енді қазір сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Камила Есенғали