Облыстық жастар форумға жиналды

319
Жастар форумы

Шымкенттің «Көрме» орталығында облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен жастар форумы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев, облыстық мәслихат депутаттары мен аудан, қала әкімдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, белсенді жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жастар форумы

Форумда еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы мен жұмыссыздық мәселесін шешу, ауыл жастарын бизнеске тарту, жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды. Сонымен қатар облыс жастарының қордаланған проблемаларын шешу жолдарының тиімді механизмдерін талқылап, оны жүзеге асыру жайы айтылды.

Жастар форумы

Мемлекеттік жастар саясаты туралы заң негізінде 2020 жылға дейінгі тұжырымдама қабылданып, 5 институционалдық реформа арқылы жастар болашағы айқындалған болатын. Соның негізінде жастарға сапалы білім беру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікпен шұғылдануына жағдай жасалып отыр.

Жастар форумы

Облыста 800 мыңнан астам жас болса, 76 жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. 2015 жылы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасына Оңтүстіктен 6 495 түлек Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы жоғары, арнаулы орта оқу орындарында оқуға ынта білдірді. Нәтижесінде 2 939 жас түлек студент атанып, жұмыс күші қажет өңірлерге аттанды.

Айта өтейік, форум соңында өңіріміздегі түйіткілді мәселелер бойынша жастар тарапынан тұщымды сауалдар қойылды. Қойылған сұрақтар бойынша арнайы хаттамалық тапсырма негізделіп, шешуге нақты тапсырмалар берілді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі