Шымкентте ТМД мемлекеттерінің Жастар форумы өтіп жатыр

132

Елбасы Н.Назарбаевтың «Жастар жылын жариялау туралы» Жарлығымен 2019 жыл – Жастар жылы болып аталды. Осыған орай, Шымкентте 24-25 қазан аралығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Бізбен бірге» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында ТМД мемлекеттерінің Жастар форумы өтуде.

Коммуникативті пікірсайыс алаңын құру және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жас көшбасшылары арасындағы мәдениаралық диалогты қалыптастыру, жастар ұйымдары мен жас көшбасшыларды біріктіру шараның мақсаты болып табылады. Ұйымдастырушылар бұл шара ТМД-ға мүше мемлекеттердің ұлттық жастар ұйымдары мен қауымдастықтарының тиімді ынтымақтастығын дамытуға жол ашады дейді. Сондай-ақ форум жас буын үшін ашық жұмыс алаңы болып, жас көшбасшылардың н қарым-қатынасына ықпал етеді деп сенеді. ТМД қатысушы мемлекеттердің Жастар форумы – инновациялық идеяларды жүзеге асыратын, қоғам мен мемлекеттің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған, сондай-ақ, креативті жас ұрпақты әлеуетін дамытуға бағытталған бірегей алаң.​ТМД қатысушы мемлекеттердің Жастар форумы қатысушы жастарымен өз тәжірибелерін бөлісу мақсатында бірнеше тақырыптар бойынша пікір алмасып, тәжірибе бөліседі. Атап айтар болсақ «Волонтерлік – өмір салты ретінде», «Бизнес блогинг», «Әлеуметтік шындық», «Шығармашылық шеберхана» атты 4 секция бойынша өткізіледі. Әр секцияда тиісті сала модераторлары болады.