Шымкентте жастар форумы өтті

576

Еліміздің үшінші мегаполисі атанған Шымқалада тұңғыш рет «Жастар форумы» өтті. 250 000 жасы бар қаланың белсенді өкілдері қатысып отырған форумға бес секция бойынша әр саланың қаймақтары, үздіктері спикер ретінде қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған форумның нәтижесінде жастар арасындағы бірқатар өзекті проблемалар анықталып, оның шешу жолын қарастыратын коммуникациялық алаң құрылады деп күтілуде.

Жандос Қалтаев, Шымкент қалалық балалар, отбасы және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы: «Әрбір жас осы секцияларға қатысу арқылы өзіне бір дағды алуы керек. Бір дағдыны үйреніп кетуі керек. Біз форумға 500 адам келеді деп күтіп, тіркеуді бір апта алдын бастаған болатынбыз. Осы бір апта ішінде іс-шараға қатысуға 700 адам өтініш білдірді. Зал лық толы. Бұл біздің мегаполистің жастарының білімге деген құштарлығының айқын көрінісі. Жастар осындай спикерлерді тыңдауға құштар».

Меруерт Ахан