Шымкенттік студенттер тәуелсіздік күнін атап өтті

553
ОҚГИ

Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтында Тәуелсіздік күніне орай педагогиалық апталық ұйымдастырылды. 7 күнге жалғасқан шарада шәкірттер білген-түйгендерін ортаға салады.

Безымянный111

Апта бойына жалғасқан іс шара мерекелік концертпен қорытындыланды. Педагогикалық апталық шәкірттердің қолөнер бұйымдары қойылған көрмеден басталып, тұғырлы тәуелсіздікке арналған әдеби кешке ұласты. Арасында ағылшын тілінде шығарма жазу байқауы да ұйымдастырылыпты.

 

Безымянный

Гунель Мутиева
Гунель Мутиева

Гунель Мутиева, студент: «Біздің топ 7 күн бойы ұйымдастырылған барлық іс-шарада белсенділік танытты. «Тәуелсіздікке – 24 жыл» тақырыбында ағылшын тілінде шығарма жазып, 3 тілді қаншалықты жетік меңгергенімізді дәлелдедік. Жалпы, мұндай іс-шаралар оқу ордамызда жиі өтеді. Ешқайсысынан қапы қалмай, барынша қатысуға тырысамыз.»

 

Бұл оқу орнында студенттер 4 мамандық бойынша білім алады. Қазақ тілі мен әдебиеті, екі шет тілі, педогогика және психология, бастауыш сыныпты оқыту. Ал өнерпаздар үйірмесі мен қуыршақ театры студенттердің шеберлігін шыңдап, шығармашылығына жол ашуда.

ОҚГИ