Шымкентте қала басшысының халықпен кездесуі жалғасып жатыр. Кезекті ашық диалог жиыны 21-шағынаудан тұрғындарымен өтті. Мұнда жиналған жұрт әкім келмей жатып-ақ, салалық басқарма басшыларына өз талап-тілектерін жеткізуге асықты. Өйткені аймақта қордаланған мәселе аз емес. Әсіресе, құқықтық тәртіп пен автотұрақ тапшылығы тұрғындарды қатты мазалайды.
Қала басшысының халықпен кездесуі 21 шағынауданда жалғасты. Мұнда тұрғындар Ғабит Сыздықбеков келмей жатып, салалық басқарма басшыларымен мәселесін шешуге кірісті. Дегенмен де тікелей әкім назарына ұсынылатын арыз-шағым аз емес екен. Мәселен Мария Байдулла Т.Айбергенов көше маңына қарайтын №25 полиция бекетіне қосымша маман бөлуді сұрайды. Айтуынша мұнда тәртіп бұзушылар көп. Ал жас мамандар бәріне бірдей үлгере алмайды.
МАРИЯ БАЙДУЛЛА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Біздің мына №25 опорныйдың тереториясы үлкен Ғабит мырза. Б. Момышұлынан басталып, Ш.Қалдаяқовқа дейін аяқталады. Оны Солтүстік, Шығыс шағынаудандарымен салыстыруға болмайды. Неге десеңіз, мұнда Арбат бар, Т.Айбергенов, И.Жангельдин көшелерінде тәуліктік жалға берілетін пәтерлер бар. Бізге жас буындар келеді, үлгере алмайды Ғабит мырза. Бізге тағы 2 штат қоссаңыздар өтініш».
ҰЛЫҚБЕК МЫЛТЫҚОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Халық саны бойынша біз ұсыныстер бердік. Қазір штат бойынша қарап жатыр. Әр опорныйда учаскелік қызметкер бар. Оған қоса біздің Департамент қызметкерлері көмектесіп, жұмыс жүргізіп жатыр»
Ал Күншығыс шағынауданының тұрғындары көліктерін қоятын орын таппай жүр. Сондықтан олар көпқабатты үйлердің маңынан автотұрақ салмақшы болған кәсіпкерге жасыл желекті отауға рұқсат сұрай келген көрінеді.
«Үйдің ауласына барсаңыздар бізде автотұрақ деген жоқ. Біздің үйдің арқасына медорталық салып жатыр. Солар өздері автотұрақ салып, 8 бен 4 арасында қолдансақ, ары қарай сіздер қолдана беріңіздер деп жатыр. Үйдің артындағы лоток жаққа салып, шіріген ағаштардың орнына басқа ағаш отырғызып береміз дейді. Ағаш кесілген жоқ. Сіздерден рұқсат алуға келдік».
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
МАРАТБЕК МЫҚТЫБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Талды кесуге мүлде рұқсат берме, тал кесуге рұқсат жоқ. Жерін кеңейт — 2024 жылы жері кішкентай болған соң, кішкентай қылып салған. Автотұраққа орын жоқ. — Ғабит мырза қазір дамыған заман әр үйде 4 көлік бар. Ол жерде көлік тұра ма, адам жүре ме? Кішкене бос жерлер бар бізде. — Бос жерге қарсылығымыз жоқ. Бірақ ағаш кесуге мүлде қарсымыз. Болмайды. Әкім барып көреді. Барып көр».
И.Жансүгіров көшесінің тұрғыны Раушан Жоланова болса, жиынға көршілерінің атынан бірқатар мәселені арқалай келіпті. Оның сөзінше, мұндағы халықтың басым бөлігі А.Байтұрсынов көшесінің бойында еңбек етеді. Сондықтан бұл бағытқа тікелей қатынайтын қоғамдық көлік қажет дейді.
РАУШАН ЖОЛАНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «114 пен 72 автобус бізге базарға барады. Рақмет жүріп жатыр. 57 Самалға қарай барады. Бізге А.Байтұрсынов көшесіне қарай керек. Менің тұрғындарымның жартысы, 65 пайызы сонда жұмыс істейді екен. Барлығының айтқанын арқалап келіп тұрмын. Уәдеңізді орындамай жатсыз».
РОЛАН ИБРАГИМОВ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «2 айда кешенді жоспар бітеді. Д.Қонаев даңғылының жалғасы бітеді. Бірақ маршрутты осы Д.Қонаевтың бойымен түсіретін боламыз»
Бұдан бөлек, жиында жалған хабарламалар мен қымбат бағаға орнатылатын коммуналдық есептегіш құрылғылардың жайы да сөз болды. Сын-ескертпелерді тыңдаған қала басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды.
Әсел Мәлік






