Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Вице-министр әкімдік өкілдерімен және төтенше жағдай қызметкерлерімен кездесіп, жергілікті құрылымның қысқы мезгілге дайындығын пысықтады. Сала қызметкерлерінің жұмысын сүзгіден өткізген Божко мырза жергілікті халықтың қарапайым құрылыс талаптарын сақтамайтынын айтып сынға алды.
Облыста жыл басынан бері 1200-ден астам төтенше жағдай тіркелген. Соның салдарынан 550 адам зардап шегіп, 118 жан оқыс оқиғаның құрбаны болыпты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмен. Алайда сала әлі де қатаң бақылауды қажет етеді. Себебі, оқу-жаттығулар ойдағыдай ұйымдастырылып жатқанымен, сындарлы сәтте құрылым қызметкерлері мен техниканың сыр беретіні жасырын емес.
Божко мырзаны жергілікті тұрғындардың құрылыс нормаларын сақтай бермейті де қынжылтты. Ол халықтан үй іргетасының 80 сантиметрден биік құюды сұранды. Сондай-ақ, саз-балшықтан салынған ғимараттардың да қауіпті екенін ескертті.
Айта кетейік, облыстағы автокөлік жолдарының ұзындығы 4300 шақырымды құрайды. Бүгінде оның ішінде 434 шақырым жол қауіпті деп табылып отыр. Қазір салаға жауаптылар қауіпсіздік шараларын ескермеген мердігерлермен жұмыс жүргізуге кірісіп кетті.
[youtube]https://youtu.be/knWiKctIwnc[/youtube]