Байланыс операторын ауыстыру — тегін

333
Байланыс операторы

Биылдан бастап кез келген азамат ұялы байланыс нөмірін сақтай отырып, басқа оператордың қызметін пайдалана алады. Бұл үшін қолданыстағы нөміріңізді атыңызға тіркеп, өтініш жазсаңыз болғаны.

Байланыс операторыГүлсім Есіркепова екі жылдан бері «Kcell» компаниясының тұтынушысы. Жаңалықты ести сала тарифтік жоспарын өзгертті. Бастапқыда нөмеріңді сақтай отырып, өзге опеторлардың қызметіне жүгінуге болатынына сенбеген. Ал енді жаңа қызметтің тұтынушылар үшін тиімді болатынына сенімді.

Басқа оператордың қызметін кез келген азамат пайдалана алады. Бұл үшін қолданыстағы нөміріңіз өзіңіздің атыңызда заңды түрде тіркелуі шарт. Сосын байланыс орталығына барып, өтініш жазасыз. Осылайша операторлар өз тұтынушыларын сақтай отырып, бәсекелестікті арттырмақ. Ең бастысы — қызметтің құны тегін.

Мұндай жаңалықты алғаш Ресей елі пилоттық жоба негізінде қолднанысқа енгізген. Нәтижесінде көптеген тұтынушылардың сұранысына ие болыпты. Сондықтан болар, Ресейде бұл қызмет ақылы. Ал, әзірге қазақстандық азаматтар үшін жаңа жүйе тегін қызмет етеді.

Лаура Мамырова