Ұялы телефон ұрлығы азаяды

446
ұялы телефон

Енді ұялы телефон ұрлығы азаюы мүмкін. Қазақстанда «Ұялы байланыс қызметін көрсетудің» жаңа ережесі бекітілді.

ұялы телефонСоңғы талапқа сай телефонын жоғалтқан абонент өзінің сим-картасының жоғалғаны туралы байланыс операторына ауызша өтініш бере алады. 12 сағаттан кешіктірмей жазбаша өтініш берген жағдайда ұялы байланыс қызметін көрсету уақытша тоқтатылады.

Тергеуші жәбірленушінің өтінішін байланыс операторларына жолдайды. Өшірілген абонент телефонын іске қосу мәселесімен операторларға күдікті келген жағдайда дереу ішкі істер бөліміне хабар беріледі.