«Теле 2» байланыс түрінде барлық бағыттарға 8 теңгемен қоңырау шалуға болады

"Теле 2" байланыс операторы

Ол әлемнің 11 елінде жұмыс істейді. Оның қызметіне біздің ғаламшардағы 35 миллионнан аса тұрғын жүгінеді. Алдыңғы қатарлы еуропалық байланыс операторы «Теле-2» енді Шымкентте.

Байланыс операторы Оңтүстік жұртшылығына арзан тілдесуді ғана емес, барлық жағдайда ұтымды болуды ұсынады. Осыған орай, шырайлы шаһарымыздың батыл әрі жас таланттары 17 наурыз күні 500 мың теңге үшін таласатын болады.

Теле 2-нің қызметін Қазақстандықтар ұялы байланыстың жаңа кезеңі деп біледі. Дискаунтер еуропалық операторы ел азаматтарына байланыстың жоғары сапасын арзан бағамен ұсынып отыр. Яғни барлық бағыттарға 8 теңге. Артық төлемсіз, тіпті қалалық нөмірлерге де хабарласуға болады.

Нүркен Халықберген, «Теле2 Қазақстан» байланыс операторының PR-менеджері: «Теле2-нің» шығуы ұялы байланыс құнының айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Оңтүстік Қазақстанның тұрғындары бұл байланыс түріне қосыла отырып, бұрынғы шығынды 2, тіпті, 3 есеге дейін қысқартады. Біз абоненттерге секундтық тарифтеуді ұсынып, абоненттік төлем алмаймыз. Және барлық бағыттарға қоңырау шалу 8 теңгеден.

«Теле 2-нің» Қазақстандағы жұмысы негізінен 2011 жылдан бастау алады. Ал Оңтүстіктегі оның қызметі енді ғана басталды. Еуропалық оператордың байланысын бүгіннің өзінде 1 миллионнан аса қазақстандық пайдаланады. Ал Шымшаһарға «Теле 2» құралақан келмепті. Олар осында жас таланттардың байқауын өткізуге уәде етуде.

Яғни, олар 17 наурыз күні, Әл-Фараби алаңында қалалық мереке аясында үлкен концерттік бағдарлама өткізбекші. Шаһар тұрғындарын мерекелік отшашулар мен шетелдік және отандық жұлдыздар өнер көрсететін сауық кеші күтетін болады дейді ұйымдастыру алқасы.

Сөйтіп, ертең, яғни 17 наурыз күні, таңғы сағат 10-да Тәуке хан көшесі мен қаланың 8 нүктесінде «Теле-2» ұялы байланыс орталығының салтанатты ашылуы өтпекші. Жобаның жетекшілері барша шымкенттіктерді күні бойы өтетін әуенді көрсетіліміне шақырады. Толыққанды ақпаратты www.tele2.com сайтынан білуге болады.