«Кселлдің» Оңтүстіктегі абоненті 1,5 миллионға жетті

9 мамырОңтүстіктің 1,5 миллион тұрғыны «Кселл» ұялы операторын таңдайды. Бұл туралы «Кселл» Акционерлік қоғамының атқарушы директоры Әли Аған тілшілермен болған баспасөз жиынында мәлімдеді. Басқосуда сондай-ақ, компанияның осы күнге дейін жеткен жетістіктері мен болашақтағы жоспары талқыланды.

Халықаралық қаржы және телекоммуникация саласында 20 жылдан артық тәжірибесі бар компанияның нарықтағы жоғары беделін Әли Аған мақтанышпен айтады. Осы жылдар ішінде «Кселл» компаниясы бәсекеге шыдас беріп, өзінің абоненттер қатарын толықтырып келеді.

Әли Аған, «Кселл» АҚ-ның атқарушы директоры: «Біз қазір мәліметтерді жеткізу қызметінің жұмысын жіті бақылауға алдық. Абонентке қол жетімді болу түсу – біздің басты мақсатымыз. Бүгінгі күні Оңтүстіктегі белсенді абоненттердің саны 1,5 миллионға жетіп қалды».

Осы жылдың бастапқы үш айында ақ абоненттер мобильді оператордың 5,5 миллиард минутын тұтынып үлгерген. Мұның өзі «Кселл» байланыс операторы арқылы сөйлесудің анағұрлым арзан екенін дәлелдесе керек. Қазіргі күні сөйлесудің орташа құны бір минут үшін – 4 теңге 30 тиынды құрайды. Туыс-таныстарымен осы бағада сөйлесіп жүрген Наргиза Мырзалиева «Кселл» компаниясының қызметін 5 жылдан бері пайдаланып жүр. Сүйікті байланыс операторына адал абонент ешқашан да байналыс түрін ауыстырмақ емес.

Наргиза Мырзалиева, компанияның клиенті: «Мен «Кселл» компаниясының тұтынушысы болғаныма қуаныштымын. Мен мұнда олар ұсынған ғаламторды пайдаланып, тиімді тариф арқылы достарыма қоңырау шала аламын. Орталықтың мамандары да білікті. Тұтынушымен жұмсақ сөйлеседі».

Әрине, ғаламтордың жайы да ұмыт қалмаған. 3 G жүктемелі смартфондар сатылымы күннен күнге артып жатқаны жасырын емес. Мұнда да «Кселл» компаниясы Оңтүстікте 200 станса орнатып, облысты қамту аймағын 3 есеге көбейтіп отыр. Енді 37 елдімекендегі 10 мыңнан астам адам қамту аймағына кіреді. Шымкент, Сарыағаш пен Жетісайда мәліметтерді жеткізу мүмкіндігі кеңейіп, Түркістанда 3 G жүйесінің сыйымдылық сапасы жақсарған.