Облыста аналар клубы құрылады

809
Орынбай Рахманбердиев
Орынбай Рахманбердиев

Оңтүстік Қазақстан облысында аналар клубы құрылуы мүмкін. Бұған қоса облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің төрағасы сайланды.

Бұл жаңалықтар облысы әкімдігінде өңір басшысының төрағалығымен өткен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды. Жиында Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісім кеңестерінің үлгі ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайы да талқыланды.

облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы

Бұған қоса облыстық ҚХА-ның 2015 жылғы атқарылған жұмыстары қорытындыланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Жиналғандар назарына биылғы міндеттер мен тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жоспар ұсынылып, талқыланды.

Жиын барысында ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы болып «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, қоғам қайраткері, парламент сенатының экс-депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Орынбай Рахманбердиев тағайындалды.

Орынбай Рахманбердиев
Орынбай Рахманбердиев

Мәжілісте Қазақстан халқы ассамблеясының орталық құрамына кіретін бірқатар мүшелеріне куәлік табыс етілді. Сондай-ақ, жаңадан бекітілген ережеге сәйкес, облыстағы 197 қоғамдық келісім кеңестері қайта құрылды. Ондағы ұйымдарда 1600-ден астам мүше бар.

облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы

Кеңейтілген кеңесті қорытындылаған аймақ басшысы ел бірлігін бекемдеу жолында талмай еңбек етіп келе жатқан барша азаматтарға алғысын білдіріп, аудан,қала әкімдері мен ассамблея хатшылығына Елбасы жарлығымен бекітілген бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту тұжырымдамасын іске асыруды және әрбір ауылдық округте аналар клубын құруды тапсырды.