Бүгін облыстық «Арай -2016» жас эстарада орындаушылары мен іс-шара жүргізушілері байқауының екінші іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Өнер байқауы көрме орталығында сағат 11:00-де басталды.
Үздіктердің қатарынан көріну үшін үміткерлер барын салуда. Айта өтейік, биылғы іріктеуге 300-ге жуық өнерпаз қатысып, бағын сынады.
Биыл өңірге қарасты аудан-қалалардан келген 16-25 жас аралығындағы қатысушылар саны өте көп. Олардың 90-нан астамы іріктеудің екінші кезеңінде бағын сынады.
Енді 29 ақпан күні көрме орталығында өтетін ақтық мәреде 20 жас эстрада әншісі мен 10 мәдени іс-шара жүргізушісі бақ сынап, үздік атану шін барын салады.
Байқау жеңімпаздары республикалық өзге де өнер сайыстарынаа қатысуға жолдама алып, қаржылай сыйлыққа ие болады.