Облыс әкімі Оңтүстіктің брендін таныстырды

213
Оңтүстіктің бренді
Оңтүстіктің бренді

Облысымыздың танымалдылығын арттыру мақсатында «Жаңа брендинг» саясаты жүзеге асырылады. Бұл туралы аймақ басшысы жылдық есепте мәлім етті. Бұл бренд атауы Оңтүстік – «Оң» деген 2 әріптен басталып тұр.

Оңтүстіктің бренді
Оңтүстіктің бренді

Мәселен, «Оң» — оң жақ, оң іс.
«Оң» — оң жол, дұрыс бағыт.
«Оң» — оң бата.
«Оң» — оң жағынан қондыру, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстіктің бренді

«Осындай символдар арқылы да Оңтүстігіміздің рухын басқаша асқақтататын боламыз! Осы ретте тағы бір айтатын жағдай бар. Енді біздің әр тауарымыз, әр бізден шыққан өнім Оңтүстік сөзімен байланысты болуы қажет» делінген хабарламада.

Оңтүстіктің бренді

Облыстың бренді туралы жыл басында сөз болған еді. Бейбіт Бәкірұлының бастамасымен өткен жиында өңір басшысына облыс брендіне қатысты бірнеше жоба таныстырылған.

Оңтүстіктің бренді

 

Бренд авторы — Серік Буксиков, Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі. Суретші бренд әзірлеу бағытында бірнеше ай жұмыс істегенін айтады. Енді бұл логотипті Оңтүстікте жасалған әр өнімге, киімге және жарнамалау мақсатында да қолдануға болады.