Прокурорлар мемлекетке борышкерлерді ескертуге рейдке шықты

308
Рейд

Шымкенттің прокурорлары рейдке шықты. Құзырлы орган өкілдері сот орындаушылары және полиция қызметкерлерімен бірге бұл жолы Нұрсәт шағынауданындағы үйлерді тексеруде. Осылайша топ мүшелері қала тұрғындары арасынан қарызы барларды анықтауға кіріскен. Себебі, соңғы уақытта түрлі салықтар мен айыппұлдарды төлеуден бас тартып жүргендер көп дейді жауаптылар. Сондықтан, борышкерлерге ескерту жасалады.

Рейд

Нұрсұлтан Талипов, Қаратау аудандық прокуратурасының прокуроры: «Қаратау аудандық прокуратурасы мен сот орындаушылары, полиция қызметкері бірігіп, рейд жасаудамыз. Атқару өндірістері бойынша қарызы бар азаматтарға түсіндіру жұмыстарын ескертеміз. Бұл жолы ескерту жасалады. Егер орындамаса алдымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Онда да орындамаса, қылмысты жауапкершілікпен жауап беретінін ескертеміз. Оның алдын алу үшін борышын өтеуі тиіс.»

Борышкерлердің арасында, әсіресе, көлік салығы мен қылмыстық істер бойынша тағайындалған айыппұлдарын төлемей жүргендер көп. Кейбіріне сот 6 айға шегерім жасаған да. Бірақ, оны ұмытқан борышкерлер жылдап қарызын төлемейді дейді сот орындаушылары.

Жалпы, жыл басынан бері прокурорлар 300-ге жуық алимент төлеуші борышкерді жұмыссыз ретінде тіркеуге алған. Соның 250-ге жуығы жұмысқа тұрғызылыпты. Ал алиментін үнемі төлемейтін 100-ге жуық әке әкімшілік жауапқа тартылған.

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша алимент борышкерлері 86 млн теңгеге жуық ақша төлеуден қашып жүр. Бұл – шамамен 15 мың атқару ісі дейді сот орындаушылары.