Шымкенттегі алпауыт кәсіпорын жұмысын тоқтатпаған. Бүгін белгілі болғандай, Шымкент сыра зауыты әдеттегідей жұмыс істеп жатыр. Жұмысшылар осы айдың жалақысын күтіп отырған сәтте тексеру басталғанын айтады.
Дегенмен, дәл қазір зауытты ішкі істер министірлігінің арнайы жасағының қызметкерлері әлі күзетуде. Қарулы жасақ өкілдері іште тексеру жүргізіліп жатқанын ескертті. Сондықтан бөтен адамдарды жолатпайды.
Дегенмен, сыра зауыты өніміне тапсырыс та қабылданып жатыр, яғни зауыттағы жұмысшылар еңбек етуде. Ал Тоқтар Төлешевтің өз үйінің маңында ешкім жоқ.
Еске салайық, сенбі күні Шымкентте арнайы операция кезінде белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ұсталғаны хабарланған болатын. Кәсіпкердің тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орнын тексерген кезде қару, есірткі заты және оқулық табылып, тәркіленген.