Úı Oqys oqıǵa Созақта арқарды өлтірген браконьерлер ұсталды

Созақта арқарды өлтірген браконьерлер ұсталды

Арқардың мүйізі

Оңтүстіктің Созақ ауданында 26 қаңтар күні браконьерлер ұсталды. Оларды «Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері ұстаған. Ұсталғандардың Нива автокөлігін тексеру кезінде Қаратау арқарының жаңа кесіліп алынған мүйізі табылған.

Арқардың мүйізі

— Қаратау арқары — сирек кездесетін жануар. Қызыл кітапқа енгізілген, — дейді «Охотзоопром» мекемесінің жануарлар әлемі бойынша инспекторы Богдан Арутунян. — Қаратау арқары тек бізде ғана кездеседі. Бұл жануарды өлтіргендер үлкен көлемде айыппұл төлейді. Әр арқардың басы үшін — 1500 АЕК. Қазір осы факті бойынша қылмысты іс қозғалды.

Браконьерлердің Нива көлігі