Оңтүстіктің полицейлері қыз-келіншектерді құттықтады

297
Полиция құттықтауы

Облыстық ішкі істер департаментіне қарасты жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полицейлері қыз-келіншектерді құттықтады. 8 наурыз мерекесі қарсаңында инспекторлар көлік тізгіндеген әйелдерді ереже бұзғаны үшін емес, мерекемен құттықтау үшін тоқтатты. Оларға гүл шоқтарын ұсынып, жолда абай болуларын өтінді.

Полиция құттықтауы

Темір тұлпарды тізгіндеген әйелдер саны қалада да, далада да жылдан жылға артып келеді. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында полицейлер ала таяқтың орнына гүл шоқтарын ұстап, әйел-жүргізушілерді тоқтатқанда олардың таңданысында шек болған жоқ.

Полиция құттықтауы

Іс-шараны ұйымдастырған жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Балтабек Абылаев: «Осы іс-шараны ұйымдастыру арқылы әйелдер қауымына деген ізгі құрметімізді жеткізгіміз келді. Жалпы, әйелдер қауымы жол жүру ережелерін қатаң сақтап, құқық бұзушылықтарға жол бермей, көлік тізгінінде мұқият болады. Әйелдердің жол үстіндегі осы қасиеті бізді қуантады. Қазақстанның барлық полицейлері атынан еліміздегі барлық әйелдерді шын жүректен осы мерекемен құттықтаймын. Зор денсаулық, үлкен бақыт тілеймін!»

Полиция құттықтауы