Шымкенттің дамуына үлес қосқан арулар төсбелгімен марапатталды

362

Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қыз-келіншектерге құрмет көрсетті. Іскер әрі көпбалалы аналарды жинап, ізгі ниетін жеткізді.

vlcsnap-2015-03-06-17h41m00s202

Дархан Сатыбалды, қала әкімі:»Тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге әрқайсысыңыз атсалыстыңыздар. Өнегелі әрі білімді ұрпақ тәрбиеледіңіздер, қоғамның дамуына үлес қостыңыздар. Әр отбасының түтінін түзу шығарып отырған сіздер – ардақтысыздар. Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, дендеріңіз сау болсын!»

Бүгінгі таңда әйелдер өз ошағының ұйытқысы болып қана қоймай, қоғамның барлық салаларында да белсенділік танытуда. Әйел қандай қызмет атқарса да аналық құқығын айшықтай жүріп, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғарғы кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келеді. Осыны ескерген қала басшысы бірқатар нәзік жандыларға төс белгісіні тақты.

Қала әкімдігіне жиналған нәзік жандылардың ешқайсысы құшақ гүлсіз қайтпады. Сондай-ақ, ән мен жырдан шашу шашылды.