Бүлдіршіндер аналарын мерекемен құттықтады

634

«Аналар – асыл жандар». Бүгін қаламыздағы «Адюша» бөбекжай-бақшасы осындай тақырыппен мерекелік шара өткізді. Бүлдіршіндер арнайы сағат аясында өз аналарының құрметіне ән айтып, би биледі. Құттықтау тілектерін жолдады.Сондай-ақ, алдағы 8-наурыз мейрамының мән-мазмұнын, әйелдер – нәзік жандылардың сый-құрметін екшейтін ерекше қойылым-көріністерін де ұсынды. Перзенттерінің осындай құттықтау, лебіздеріне ата-аналары да тәнті болысып, ұжымға алғысын жаудырды.

Айта өтетін ақпарат, қаламыздағы «Адюша» бөбекжай-бақшасы жыл бұрын қызметін бастаған. Қазір мұндағы 20-ға жуық маман 150 баланың тәлім-тәрбиесі үшін жұмыс жасайды.