Шымкент қаласы бойынша баспана кезегінде тұрғандар назарына. Қала әкімдігі хабарландыру жасайды.
Тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың тізімін түгендеу мақсатында үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар 2016 жылдың 1 сәуірден бастап 1 желтоқсанға дейін жергілікті атқарушы органға төменде көрсетілген құжаттарын тапсыруы тиіс.
Атқарушы органның мекенжайы: Желтоқсан көшесі, №18 үй, 2-қабат. Сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін.
Құжаттар тізімі:
1) Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелері;
2) Некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің көшірмесі;
3) Еңбек кітапшасының кадр қызметі растаған көшірмесін немесе қызметтік тізімінен үзіндіні;
4) Аумақтық әділет органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоғы туралы) анықтамасы;
5) Басқа адамдар өтініш берушінің отбасының мүшесі деп танылған жағдайда өтініш берушіге оларды отбасының мүшесі деп тану туралы соттың шешімі;
6) Азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (құжатты салыстыру үшін) не тиісті елдімекенде тұратынын растайтын анықтама бюросының немесе селолық округ әкімнің анықтамасын (коммуналды тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде);
7) Өтiнiш берушiнiң (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтiк қорғау органының анықтамасын не мемлекеттiк қызметшiнiң, бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң, әскери қызметкерлердiң, ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жұмыс (қызмет) орнынан анықтама (коммуналды тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде);
8) Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар жергілікті атқарушы органдардың осы жағдайды растайтын анықтамасы;
9) Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әр мүшесінің соңғы он екі ай ішіндегі табысы туралы қосымша мәлімет (коммуналды тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде).