Шымкентте Тұңғыш Президент күніне орай «Астана» үй кешені ашылды

553
Шымкентте Тұңғыш Президент күніне орай «Астана» үй кешені ашылды

Шымкентте  1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай бірінші кезектегі «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Осылайша шымкенттік 96 отбасы баспаналы болды. Тұрғын үй кешеннің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев жаңа қоныс берекелі және ырысы мол үлкен ордаға айналуын тіледі.

Шымкентте Тұңғыш Президент күніне орай «Астана» үй кешені ашылды

– Бүгін «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы қалада салынған бірінші кезектегі 2 үй пайдалануға беріліп отыр. Бұл үйлердің құрылысы тұрғын үй комбинаттарының өнімдерін қолдана отырып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытына ұқсас жүргізілуде, – деді облыс әкімі.

Шымкентте Тұңғыш Президент күніне орай «Астана» үй кешені ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент» ӘКК» ҰК АҚ құрылысқа 1,2 млрд. теңге көлемінде инвестиция салған еліміздегі алғашқы әлеуметтік корпарация болып отыр.

Шымкентте Тұңғыш Президент күніне орай «Астана» үй кешені ашылды

Қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан кешенде 9 қабатты 4 үй бар. Мұндағы пәтерлердің жалпы ауданы 14776,6 шаршы метрді құрайды. Бүгінде 2 блок, яғни 96 пәтер пайдалануға берілсе, қалған 2 блок келер жылдың бірінші тоқсанының аяғына дейін пайдалануға беріледі. Жобаның жалпы құны 2,75 млрд теңгені құрайды.

Шымкентте Тұңғыш Президент күніне орай «Астана» үй кешені ашылды

«Астана» тұрғын үй кешені – екінші классқа жататын, бір тұрғынға 25 ш.м. жеке кеңістікті есептеу арқылы салынған сәнді үйлер. Мұнда тұрмысқа қажет барлық мүмкіндіктер қамтамасыз етілген.

Аталған тұрғын үйдегі пәтерлерді «Өз үйім» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан сатып алуға болады. Бағдарлама бойынша орташа бағасы бір шаршы метр үшін 180 мың теңгені құрайды. Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 5-тен 10 пайызға дейін.

Айта кетейік, үйді салған «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС құрылыс кезінде 300-ден астам адамды жұмыспен қамтыған.

Шымкентте Тұңғыш Президент күніне орай «Астана» үй кешені ашылды

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 525,4 мың шаршы метр тұрғын үй яғни, 5189 пәтер пайдалануға берілді. Ал облысқа белгіленген жоспар 550,6 мың шаршы метр болса, жыл қорытындысымен жоспар артығымен орындалады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі