Шымкентте мемлекеттік баспанаға құжат қабылдануда

470
Жыл соңына дейін 982 пәтер пайдалануға беріледі

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – бағдарлама) қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс нысандарына дауыс беру жайында хабарлайды.

Нысан: Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрастырмалы, темір-бетонды 9 қабатты төрт үй, Г1, Г2, Г3 Г4 блоктары.

Тапсырыс беруші: «Шымкент» ӘКК» ҰҚ АҚ.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2017 жылдың қазан айы.

Тұрғын үй толық дайын күйінде және бекітілген жобаға сәйкес өткізілетін болады.

Жайлылығы: ІІ-класс.
Пәтер саны: 76. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы: 180 000 теңге.

1 бөлмелі пәтер, ең үлкен ауданы 56,91 шаршы метр, (барлығы 28 пәтер).
2 бөлмелі пәтер, ең үлкен ауданы 83,85 шаршы метр, (барлығы 25 пәтер).
3 бөлмелі пәтер, ең үлкен ауданы 111,85 шаршы метр (барлығы 23 пәтер).

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі 29.11.2017 жылдан бастап 10.12.2017 жылға дейін.

Балл есептелетін күн (үміткерлерді іріктеу): 11.12.2017 жыл.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілетін бағалау): 14 желтоқсаннан бастап 30 желтоқсанға дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 14.12.2017ж. бастап 10.01.2018ж. дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 11.01.2018ж.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.

Алдын ала тұрғын үй займын алуға өтінішті тапсыру, өтініш тапсырушының тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдап алынған пәтер бағасынан кемінде 30% болған жағдайда ғана мүмкін. Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып банк салымшылары нысандағы пәтерлерді банк салымшыларына өткізуге дауыс береді.

Өтініш қабылдау аяқталған күні банктің ішкі құжаттарына сәйкес үміткерлердің/резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, бағдарламаға қатысуға берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.

Банктің интернет-ресурсындағы жеке кабинетте/интернет банкте өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана банк салымшыларынан қабылданады.

Құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен www.hcsbk.kz интернет-ресурсында танысуға болады. Пәтерлерді бөлу тәртібі банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.