Асқар Мамин Шымкентте мемлекеттік баспаналардың құрылысымен танысты

616
Асқар Мамин Шымкентте мемлекеттік баспаналардың құрылысымен танысты

Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Шымкент қаласындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев биыл қаржыландырудың барлық көздері арқылы 279 үй салынып жатқанын айтып, бүгінде 461,5 мың шаршы метр үй пайдалануға берілгенін жеткізді.

Асқар Мамин Шымкентте мемлекеттік баспаналардың құрылысымен танысты

Өңірде аталған бағдарламамен салынып жатқан жұмыс барысын баяндаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды кредиттік тұрғын үй сатып алуға мүмкіндігі жоқ 35 мың отбасыны арендалық баспанамен қамту үшін облыс көлемінде 1 миллион 700 мың шаршы метрден астам үй қорын құру қажеттігін атап өтті.

Асқар Мамин Шымкентте мемлекеттік баспаналардың құрылысымен танысты

Айта кетейік, жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен көп қабатты 364 үй салынуда. Оның ішінде ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру жобасымен 96 үй, жеке құрылыс компаниялары есебінен 107 үйдің құрылысы жүргізілсе, тұрғын үй құрылысы жинағы жүйесі арқылы 73 кредиттік үй салынуда. Бұдан бөлек жалға берілетін тұрғын үй қоры арқылы 88 жеке үйдің құрылысы қолға алынады.

Асқар Мамин Шымкентте мемлекеттік баспаналардың құрылысымен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы 2113 отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 128,3 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді. Ал 2017 жылдың басынан тұрғын үй құрылысына 41,1 млрд теңге көлемінде инвестиция жұмсалса, қазіргі уақытта 461,5 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді.

Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынатын тұрғын үй құрылысына 21,8 млрд теңге көлемінде мемлекеттік инвестиция бөліну жоспарланса, жыл соңына дейін 61,1 мың шаршы метр болатын 1126 пәтерлі үй пайдалануға беріледі.

Асқар Мамин Шымкентте мемлекеттік баспаналардың құрылысымен танысты

Сонымен қатар Асқар Мамин бастаған делегация Шымкент-Ташкент бағытындағы Батыс Европа-Батыс Қытай халықаралық дәлізінің құрылысымен танысты. 2017 жылы ұзындығы 99 шақырымды құрайтын жолды пайдалануға беру жоспарлануда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Самат Мырзалиев