Оңтүстіктің дәрігерлері бауыр алмастыру отасын алғаш рет өздері жасап шықты. 18 сағатқа созылған операция кезінде хирругтар 29 жастағы әйелге жиенінің бауырын салып берген. Ағзасын ауыстырған қос науқастың да қазір жағдайы жақсы.Айта кетейік, бұл оңтүстіктегі бауыр алмастыру отасының төртінші жағдайы. Соңғы төрт жылдың ішінде мамандар 62 бүйрек трансплантациясын жасаған. Бір айта кетерлігі, ағза алмастыру операциясының барлығы туыстық донорлар арқылы жасалынған.
Мәди Бегалиев, Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасының бас дәрігері: «Ауруханада апта сайын бүйрек алмастыру отасын жасаймыз. Бұл тұрғыда тәжірбиеміз жетерлік. Енді міне бауырды алғаш рет өзіміз алмастырдық. Ота ұзақ өтті. Негізінде ағза алмастыру оталарының барлығы туыстық донорлар арқылы жасалынған. Дегенмен, мәйіт донорлығы дамысы жақсы болар еді. Өйткені мәйіт донорлығы арқылы жасалынған оталар біз үшін тиімді.»