Оңтүстіктің студенттерінен «Алтын қор» кадр резерві жасақталды

554
Оңтүстікте «Алтын қор» кадрлық резерві жасақталды

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың өңірде білім алып жүрген жастарды мемлекеттік қызметке көптеп тарту туралы тапсырмасына сәйкес «Алтын қор» кадрлар резерві жасақталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оңтүстікте «Алтын қор» кадрлық резерві жасақталды

Осы негізде мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Айбек Шілманов, облыс әкімдігінің персоналды басқару қызметі бөлім басшысы Жәнібек Наушабай және облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Болат Жанәбіл биыл мемлекеттік қызметке орналасуға ынтасы бар 70 үздік студентпен кездесті.

Оңтүстікте «Алтын қор» кадрлық резерві жасақталды

Енді аталған талапкерлер облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығындағы кадрлар резервіне іріктеледі. Содан соң арнайы комиссиядан өтіп, мемлекеттік қызметке дайындықпен баруға мүмкіндік алады.

Бағдарлама нәтижесінде жас мамандар аудан, қала мен ауыл әкімдіктеріне жолданып, меритократия қағидасы негізінде сатылай жұмысқа қабылданады деп күтілуде.