Оңтүстіктің археологтары б.з.д. ІІ ғасырдағы қазбаны тапты

363
Шымкенттің археологтары б.з.д. ІІ ғасырдағы қазбаны тапты

Шымкенттің археологтары Қангөй заманының бірегей ескерткішінің ашылғанын жария етті. Жаңалықтың басы-қасында профессор Александр Подушкин бастаған бір топ археолог бар. Олар Өгем өзенінің бойындағы Үшбас төбе қалашығын зерттеп, теңдесі жоқ табысқа кенелген – біздің дәуірге дейінгі ІІ ғасыр қалашығын тапты.

Шымкенттің археологтары б.з.д. ІІ ғасырдағы қазбаны тапты

Үшбас төбе қалашығына көлікпен де жету оңай емес. Тік жар, өр, асулар, бұралаң жол. Оған жыл он екі ай ағатын Өгем өзенін қосыңыз. Тек судың деңгейі түскенде өзенді кесіп өтіп, көне қалашыққа жетесіз.

Археологиялық қазындылар болмаса таудың бөктерінде орналасқан елдімекенді табу қиынға соғады. Бұрынғы дәуірдегілер табиғи қорғанышқа сүйенген, қалашықтың мына бетінде тік беткей болса, екінші жағында терең шұңқыр.

Александр Подушкин, профессор, тарих ғылымдарының докторы, археолог: «Мына жерде от жаққан, қазақтың ошақ болған жер деп болжап отырмыз. Ең құнды жәдігер – ортасы ойылған дөңгелек тас, оны дәнді дақылдарды үгіткенде, диірменде кеңінен пайдаланған. Шамамен 2000 жыл бұрынғы зат болуы мүмкін. Мұндай зат Қазақстанда жоқ. Тағы бір керемет олжа – қол орақтың бөлігі. Бұл табылған затттар көне заманда мұнда егін шаруашылығымен айналысқанын дәлелдейді. Ауа райының қаталдығына қарамастан (бұл жерде қыс 6-7 айға созылады) жылы мезгілде дәнді дақылды сеуіп, оны жинап үлгерген. Алайда біз оның тары немесе бидай екенін білмейміз.»

Шымкенттің археологтары б.з.д. ІІ ғасырдағы қазбаны тапты

Табылған жәдігерлер ғалымдардың өзін қызықтырып отыр. Болжамдарынша, біздің дәуірімзге дейінгі заманның жаңа ескеркіші деп есептейді. Ал Үшбас төбе қалашығы қазба жұмыстары жүргізілген қалалардан қалыс қалмайды.

Александр Подушкин, профессор, тарих ғылымдарының докторы, археолог: «Қазба жұмыстарының маңыздылығы неде? Біріншіден, біз жасы шамамен 2000 жыл бұрынғы құнды заттарға қол жеткіземіз. Екіншіден, Қангөй мемлекеті мен оның төңірегіндегі тақырыптар Қазақстан тарихында аз зерттелген. Қытай деректерінің өзі санаулы. Ал қалғандарын біз археологиялық мәліметтер мен жәдігерлер арқылы қайта жаңғыртамыз.»

Қанғөй мемлекетінің тұрғындары қыш кәсіпшілігін меңгерген. Темірден де заттар жасағаны анықталып отыр. Табылған қол орағы да осындағы шеберлердің қолынан шығуы мүмкін.

Археологтар Үшбас төбе қалашығының халқы үй мүліктерін тастай қашуының себебін анықтауға кірісті. IV-V ғасырларда болған соғыс мұндағы халықты қатты қыспаққа алған деген тұжырым бар. Сол себепті жайлы қоныстарымен қош айтысқан болуы мүмкін.