ОҚО әкімі ескі қалашықтағы қазба жұмыстармен танысты

421
ОҚО әкімі ескі қалашықтағы қазба жұмыстармен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шымкент қаласындағы көне қалашық аумағындағы археологиялық қазба жұмыстарымен танысты.

Қалашықтағы қазба жұмыстарымен «Археологиялық сараптама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары айналысуда. Қазір мұнда археологиялық қазба жұмыстарының бірінші кезеңі басталған. Аумағы 1000 шаршы метр болатын жерасты қаласын аршыған археолог-ғалымдар көптеген тарихи жәдігер тапты.

ОҚО әкімі ескі қалашықтағы қазба жұмыстармен танысты

Осындағы жұмыстарды аралап көрген аймақ басшысы ең алдымен аталған жұмыстарды тоқтатпауды және табылған жәдігерлерді сол қалпында сақтап қалу үшін қазба аймағын қорғау, қоршауды қала әкіміне тапсырды. Сондай-ақ, анықталған тарихы нысандарды есепке ала отырып, қайта қалпына келтіру ісін де қатар жүргізуді айтты.

ОҚО әкімі ескі қалашықтағы қазба жұмыстармен танысты

– Мына көріп тұрғандарыңыз – цитадель. Осының барлығын құртпай, жоғалтпай сақтауымыз қажет қой. Бұл – XIX ғасырдың соңындағы суреттер. Бұдан кейін 1,5 жарым ғасыр өтті, алайда біздің қорғанымыздан түк қалмаған. Ал жалпы тарихта 1,5 жарым ғасыр деген түк емес, ондаған ғасырларға сақтау керек. Сондықтан түптен жойылмай тұрғанда дер кезінде осыны қолға алып, тиісті жұмыстарды бастап, жалғастыруымыз қажет,- деді аймақ басшысы.

ОҚО әкімі ескі қалашықтағы қазба жұмыстармен танысты

 

Бұл аумақ тарихи-мәдени орын болғандықтан, бұл маңға 50 метрге дейін құрылыс салуға болмайды. Сондықтан ескі қалашықтағы жеке нысандардың жері алдағы уақытта мемлекет меншігіне қайтарылады. Осы ретте облыс әкімі аумақта салынған жеке тұрғын үйлер мен ондағы дүкендерді басқа аумаққа көшіру жұмыстарын тыңғылықты түрде жүргізуді қала басшылығына міндеттеді.

ОҚО әкімі ескі қалашықтағы қазба жұмыстармен танысты

Қазір қала әкімдігі тарапынан ескі қала орнының аумағында археологиялық парк-музей, ашық аспан астындағы музей құру үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындауға және археологиялық жұмыстар жүргізуге қалалық бюджеттен 100 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі