Шымкентте теміржол аумағында 11 жазатайым оқиға болған

636
Шымкентте теміржол аумағында 11 жазатайым оқиға болған

Жыл басынан бері Шымкенттегі теміржол аумағында 11 жазатайым оқиға орын алған. Оның төртеуі адам өлімімен аяқталды дейді жауаптылар. Осындай келеңсіздіктерге жол бермес үшін Түлкібас станциясының вокзалында халыққа түсіндіру шарасы өтті.

Шымкентте теміржол аумағында 11 жазатайым оқиға болған

Уақытынан 20 минутқа кеш келген Шымкент-Алматы пойызының тоқтағаны сол екен, қарбалас басталды. Жолаушылар белгіленбеген жерден өтіп, полицияның көз алдында тәртіпсіздікке жол берді. Ал сауданың қызығына түскен сатушылар арнайы жолақты ескермей, қауіпсіздігінен бұрын тиын-тебен табудың қамына кірісіп кетті.

Қос тарапты бір-біріне жалғайтын – жалғыз аспалы көпір ғана. Алайда, вокзал басшылығы жолаушылар бұл өткелді пайдалана бермейді дейді. Оңайды көздейтін жұртшылық көбіне теміржол желілерінен өтеді.

Айта кетейік, өткен жылы облыста теміржол аумағында орын алған жазатайым оқиғалардың саны 22-ге жеткен. Оның тең жартысы адам өлімінен аяқталды дейді тәртіп сақшылары. Биыл жыл басынан бері осындай 11 оқиға тіркеліп, ескертуді елемеген 1500 адамға айыппұл салынған.

Жауаптылардың сөзіне сенсек, қауіпті аймақта келеңсіздерге тап болатындардың көбі – жасөспірімдер. Сондықтан мамандар бұл ретте ата-аналарды мұқият болуға шақырады. Кейде азаматтардың қарапайым ғана қауіпсіздік ережелерін сақтамауы да қайғылы жағдайларға себеп болады дейді орган өкілдері.