Шымкентте «Кари Кидс» дүкені ашылды*

Шымкентте

Шымкентте бұған дейінгі орталықтарға ұқсамайтын балалар дүкені ашылды. «Гиперхаус» сауда орталығында орналасқан «Кари Кидс» балалар мен жасөспірімдер дүкенінде бүлдіршіндерге арналған киімдерді айтпағанда арнайы тағам мен гигиеналық заттардың барлығы бар. Ең бастысы, бағасы қалтаңызды қақпайды. Сенбі күні есігін айқара ашқан бұл сауда орнына келушілер қатары бірден артты.

Шымкентте "Кари Кидс" дүкені ашылды

«Кари» компаниясының дүкендер желісі еліміздің барлық қалаларында бар. Ал «Кари Кидс» дүкені – санаулыларында ғана. Енді, міне, балаларға аналған әмбебап дүкен сүйікті қаламызда да ашылды. Ата-аналар мен бүлдіршіндер сауда орталығынан керекті заттарын бірден таба алады.

Күнделікті мультфильмдерден, теледидардан көретін алып кейіпкерлерімен сәлемдесіп, жүздескен балақайлар әрі аң-таң, әрі сенер-сенбесін білмейді. «Кари Кидс» дүкенінде олардың ойыншықтары да бар екен. Ғажайып сәттердің осында көп екенін сезінген балалар үшін бұл дүкен енді ең сүйікті орнына айналары сөзсіз. Ал ата-аналар өздеріне, балаларына қажетті заттардың кең таңдауына, сапасына риза.

Айдын Батырхан, қала тұрғыны: «Баламен жүріп керегіңді таңдағанға да тиімді, ығайлы екен. Бағасы да заттардың көңілден шықты. Келіп тұрамыз енді.»

Шымкенттің шағынаудандары көп орналасқан солтүстік бөлігінде сауда орталықтары көп емес. Расында да «Кари Кидс» дүкенінің көптің үйренген сауда орталығы «Гиперхауста» ашылғаны да ыңғайлы болып тұр.

Сонымен, Ресейдің, Қытайдың зауыттарынан әкелінген балалардың сапалы заттарын таңдайтын болсаңыз, «Кари Кидске» жол ашық. «Гиперхаус» сауда орталығының екінші қабатынан қаладағы №1 балалар дүкеніне асығыңыз! Жеңілдіктер мен түрлі акциялар осында!

Зәуре Оралбаева

*-жарнама