Облыстың мыңнан астам тұрғыны өзге өңірлерде жазасын өтеуде

199
Облыстың мыңнан астам тұрғыны өзге өңірлерде жазасын өтеуде

Бүгінде облыстың мыңнан астам тұрғыны өзге өңірлерде жазасын өтеуде. Енді олардың жартысынан астамын жергілікті түрмеге орналастыруға мүмкіндік бар. Прокурорлар осылай дейді. Осыған дейін өкпе құртына шалдыққан азаматтар жазасын өтеген түзеу мекемесі енді қатаң режимдегі түзеу мекемесіне айналып отыр.

Облыстың мыңнан астам тұрғыны өзге өңірлерде жазасын өтеуде

Облыста бүгінде 5 түзеу мекемесі мен 2 тергеу изоляторы жұмыс істейді. Онда қазір мыңнан аса азамат өз жазасын өтеуде. Оның 70 пайызы ақылы жұмыспен қамтылған. Тағы мыңнан аса түстік тұрғыны өзге аймақтарда жазасын өтеуде.

Жаңартылған мекемеде 600-ден аса азамат енді қатаң режимде жазасын өтей алады. Жазасын өтей жүріп еңбекке тартылатын болады. Заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған тігін цехы, металл өңдеу орны қазірдің өзінде дайын тұр. 80 орынға лайықталған сынып бөлмелерінде де бас бостандығынан айрылған азаматтардың дәріс алуына ыңғайлы жағдай жасалыпты.

Үй жағдайына ыңғайластырылған бөлмеде психолог маманы жазасын өтеушілермен жұмыс істейтін болады. Ал асханада 300 адам бір мезетте тамақтана алады. Бүгіннің мұнда 60 бас бостандығынан айрылған азамат орналастырылған.