Шымкентте өрік ағашы гүлдеді

1165
Шымкентте өрік ағашы гүлдеді

Шымкентте өрік ағашы гүлдеді. Дегенмен жеміс ағаштарының ішінде көктемді бірінші болып сезетін бұл талдар кейінге кездері жақсы өнім бермей жүргені жасырын емес. Оңтүстікте соңғы жылдары ауа райының, әсіресе, көктемде күрт құбылуы өрік, шие және алма өнімдерін мол жинауға кедергі болып тұр.

Биыл да сары өріктің ерте гүлдеуі Шымкенттегі соңғы аптада күннің жылып кетуіне байланысты болып тұр. Ал синоптиктер сәуір айының басында ауа райы жауын-шашынды болады деп болжап отыр.

Нұрлан Жаңабай