Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтының ұжымы мақтан тұтатын түлектерінің біріне арнап кеш ұйымдастырды. Атаулы кеш «Әдебиет, ұлт байлығы, рух туы» атты онкүндік аясында өткізіліп отыр. Бүгінде бүтін бір ұрпаққа тәлімгер, айтыс майталманы өзінің ізін басқан студенттермен кездесіп, өсиетімен бөлісті.
Өздеріне үлгі тұтатын тұлғалардың бірімен көз көріскеніне жастар риза. Олар құрметті қонаққа арнап өлеңдер оқып, өзара айтысып, өнерлерін ортаға салды.
Маржан Есжанова, ақын: «Өнерімді сүйетін, өлеңдерімді ден қойып оқитын жастар бар екен. Менің жолымды үлгі тұтатын, соңымнан ерген ақын қыздар бар екен. Соны көріп, риза болып отырмын. Бұл жерге шақырмаса да келіп тұрам. Өйткені мен үшін киелі шаңырақ. Осы жерде 20 жыл өмірім өтіпті, сол үшін мен үшін ерекше ыстық.»