Оңтүстіктегі прокуратурада — жаңа тағайындау. Облыс прокурорының бірінші орынбасары қызметіне Қазақстан Республикасы бас прокурорының бұйрығымен Хали Маматаев тағайындалды.
Хали Рысқұлбекұлы 1963 жылы туған, білімі жоғары. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Шені — аға әділет кеңесшісі. Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1988 жылдың мамыр айында Шымкент облысы Созақ ауданы прокуратурасының стажері болып бастаған. Одан кейін Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Төлеби, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары мен Әл-Фараби аудандарының прокуроры лауазымын атқарған.