«Шырайлы Шымкент» конкурсы басталды

611
"Шырайлы Шымкент" конкурсы басталды

Журналистер мен блогерлер назарына! Шымкент қаласы туралы үздік материалдардың «Шырайлы Шымкент» атты республикалық конкурсы жарияланды.

Конкурсқа қатысуға республикалық, аймақтық БАҚ, штаттағы және штаттан тыс тілшілер, интернет-АҚ өкілдері мен блогерлер шақырылады. Конкурсқа материал ұсынған қатысушылар авторлық және зияткерлік меншік туралы заңның талаптарын орындауы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтініш пен материалдар ngoasaa2017@gmail.com электронды поштасына «Шырайлы Шымкент» деген тақырыптағы хатпен 2017 жылдың 30 тамызы күнгі сағат 23.59-ға дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін автор мына мәліметтерді ұсынуы тиіс:
— Аты-жөні, әкесінің аты;
— Байланыс мәліметтері (жұмыс және мобильді телефон нөмірі, электронды поштаның мекенжайы);
— БАҚ атауы;
— Өз мақаласының аты (тікелей сілтемесе немесе скан жасалған нұсқасы);
— Материалдың шыққан уақыты;
— Интернетте жарияланған әр материалға #shyraily_shymkent #shymkent #konkurs #ngoasaa2017 хэштегтері бекітілуі тиіс.

Конкурсқа қатысушылар ұйымдастырушы ұсынған тізімнен өзіне ұнағанын таңдап алады. Ал үздік материалды осы конкурс үшін арнайы жасақталған қоғамдық комиссия таңдайды. Комиссия мүшелері — белгілі қоғам қайраткерлері, ал төрағасы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары — Қайрат Нұртай.

Конкурс мына номинациялар бойынша өткізіледі:
1. Әлеуметтік желілердегі Шымкент қаласы туралы ең қызықты жарияланым /пост/ (блогерлер арасында);
2. Мерзімді басылымдардағы Шымкент қаласы туралы ең үздік мақала (газеттер, журналдар);
3. Облыстық деңгейдегі сайттардағы Шымкент қаласы туралы ең қызықты жарияланым;
4. Республикалық сайттардағы Шымкент қаласы туралы ең қызықты жарияланым;
5. Телеарналардағы Шымкент қаласы туралы үздік сюжет;
6. Шымкент туралы эссе;
7. Фото-бейне материал:
— Қаланың табиғаты;
— Шымкент қаласын қызық әрі ерекше құттықтау;
— Тұрғындары мен дәстүрлері.

Маңызды тұс! Ұсынылған материалдар конкурс мақсатына сай болуы тиіс. Материалдар конкурс шарттарына сай болмаған жағдайда өтініш қоғамдық кеңестік қарауына жіберілмейді.

Егер конкурстық материалда техникалық қателер, балағат-боғауыз сөздер болса, экстремизмге үгіттесе, «Жарнама ретінде» көрсетілсе, ондай материал конкурсқа қатыстырылмайды.

Материалдар түсе бастағаннан қоғамдық комиссияның қарауына және бағалауына жіберіле береді. Конкурс жеңімпаздарын өздері ұсынған материалдар бойынша қоғамдық комиссия мүшелері мына талаптар бойынша анықтайды:
— Тақырыптың өзектілігі;
— Тақырыпта ашу сапасы;
— Авторлық шеберлік.

Қоғамдық комиссия қатысушылардан конкурстық материалдарға қатысты қосымша ақпаратты сұрауға құқылы. Қатысушы конкурстық өтініміне өзгерістер енгізе немесе кері қайтара алады. Ол үшін конкурсқа қатысуға жазбаларды ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін электрондық пошта хабарламасы бойынша «Түзету» деген тақырыппен кері байланыс арқылы жіберуге құқығы бар.

Конкурсқа қатысу шарттары мен мерзімі

Қатысу шарттары:
Барлық аталымдағы материалдар конкурсқа 2017 жылдың 30 тамызы, сағат 23:59-ға дейін тек электронды түрде жіберілуі тиіс.
1. Конкурсқа 2017 жылдың 1 маусымынан 2017 жылдың 30 тамызына дейін нақты шыққан немесе жарияланған материалдар қабылданады.
2. Конкурсқа бір автордан немесе шығармашылық ұжымнан 1 аталымда 5-тен аспайтын материал қабылданады.

3. Материалдар мынадай форматта ұсынылуы тиіс:
Аудио материалдар:
— MP3 немесе WMA форматта;
— Ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс;
— Файл көлемі 150 МБ-тан аспауы тиіс.

Видео материалдар:
— Форматы AVI, MPEG-1,2,4
— Ұзақтығы — 60 минут
— Файл өлшемі — 750 МБ

Текст жазбалары:
– Форматы — PDF, RTF немесе DOC
– Файл көлемі 60 МБ-тан аспауы тиіс.

Фото материалдар:
— Форматы — JPG
— Файл өлшемі — 60 МБ-тан аспауы тиіс.
Айта кетейік, қатысушы саны бірден аз болған аталым өткізілмеді деп саналады. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Конкурсты ұйымдастырушы байқауға ұсынылған материалдарды осы конкурсқа арналған баспа және электронды өнімде басып шығару құқығын өзінде қалдырады.