Наурыз саябағы қайта жөндеуден кейін ашылды

Шымкенттегі саябақтардың саны тағы біреуге көбейді. Бүгін Сайрам тұрғын алабындағы Наурыз саябағы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Саябақтың салтанатты ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және жергілікті ақсақалдар қатысты.

Наурыз саябағы қайта жөндеуден кейін ашылды

Еске салайық, Сайрам тұрғын алабындағы саябақ 1991 жылы ашылған. Жалпы аумағы – 8 гектар. Содан бері өткен 26 жыл ішінде саябақ бірде-бір рет жөнделмеген. Алғаш рет тек биыл қайта қалпына келтірілді.

Наурыз саябағы қайта жөндеуден кейін ашылды

Саябақтың кіреберісі жаңартылып, жасанды су қоймасының жағасы бекітілді. Серуендеушілерге қолайлы орындықтар қойылды. Көгалды суару мәселесі де шешілген, енді су ұңғымадан алынады. Бұған қоса саябақтың кіреберісінде мәрмар тақташалар пайда болып, доғасы травертинмен әрленді.

Наурыз саябағы қайта жөндеуден кейін ашылды

Айта кетейік, саябақты жөндеу жұмысының тендерін «Қуат құрылыс» ЖШС ұтып алды. Жөндеу жұмыстары үшін қала бюджетінен 180 миллион теңге бөлінген.

Наурыз саябағы қайта жөндеуден кейін ашылды

Наурыз саябағы қайта жөндеуден кейін ашылды