Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы – Оңтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымына Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков тағайындалды.
Алмасбек Кеңесбекұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы – география және биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес бакалавры.
Еңбек жолын 1984 жылы Шымкент облысы Түлкібас ауданының құс фабрикасының электромонтері ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметті 1996 жылы Шымкент қалалық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының маманы лауазымында бастады. 2005-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының, ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.
2016 жылдың сәуір айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі болып қызмет етіп келді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі