«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды.» Бүгін Шымкенттегі ардагарелер үйіндегі қарттар өзара сыр-сұхбатқа қатысып, шер тарқасты. Көргені мен түйгені мол жандардың айтары да жоқ емес.
Облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мұрындық болған шара «Қариясы бар ел қазыналы» деп аталады. Қоғам өміріне қосқан үлестері үшін ардагерлерге ризашылық білдірген ұйымдастырушылар қарттарымыздың қандай да болса да құрметке лайық дейді.
Ал сыр-сұхбат барысында сөз алған қариялар қоғамдағы алаңдатқан мәселелер туралы айтпай кетпеді. Озығы мен тозығы жеткен салт-дәстүр туралы сөз қозғаған көп балалы аналарымыз бүгінгі таңдағы көкек аналар жағдайы, тәрбиенің осалдығы туралы алаңдаушылық білдіреді. Ал салт-дәстүр орталығының мамандары өмірі жастарға ұлағат қарттарымызға арнап, домбырамен арнау айтып, көңілдерін көтерді.
Махаббат Әбдешова