Қазығұртта 10 мың қой қатар бордақыланатын кешен салынуда

1366
Қазығұртта 10 мың қой қатар бордақыланатын кешен салынуда

Қазығұрт ауданындағы «Сапа-2002» серіктестігі құны 275 млн теңге болатын мал бордақылау кешенін салуда. Мұнда салмағы 90-95 келі тартатын қазақтың асыл тұқымды қылшық жүнді құйрықты қойы мен меринос қойы өсірілуде. Осындай игі жұмыстардың барысымен облыс әкімі Ж.Түймебаев ауданға жасаған жұмыс сапары кезінде танысып шықты.

Қазығұртта 10 мың қой қатар бордақыланатын кешен салынуда

Шаруашылықтың жұмысымен таныстырған серіктестік басшысы Нұржан Әшіров ет экспортын дамытуды қолға алып жатқанын атап өтті. Осы ретте Жансейіт Түймебаев өңдеу өнеркәсібіне көңіл бөлу керегін айтып, малды тірідей сатудан бөлек оның етін терең өңдеп сату мәселесін де қолға алуды ұсынды.

«Түрлі тағамдарға арнайы дайындап, етті шетелге экспорттауға болады. Бұл қай жағынан алып қарасақ та тиімді» деген өңір басшысы аудан әкіміне кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Қазығұртта 10 мың қой қатар бордақыланатын кешен салынуда

Бүгінде мұнда 170 миллион теңге игеріліп, 6,5 мың қой сиятын алаңның құрылысы біткен.

«Сапа-2002» ЖШС басшысы Нұржан Әшіровтің айтуынша, бүгінде мұнда 4,5 мың қой бордақыланып жатыр. Алдағы уақытта жылына 1 мың тонна жоғары сапалы қой етін өндіруді мақсат етіп отырған шаруашылық жетекшісі жоба толық аяқталса, бұл кешенде бір мезгілде 10 мың қойды бордақылауға мүмкіндік туатынын айтуда.

Қазығұртта 10 мың қой қатар бордақыланатын кешен салынуда

Сондай-ақ, мұндағы қозы етіне ирандықтар мен арабтар қызығушылық танытса, семіз қойларға Өзбекстан елінен сұраныс бар көрінеді. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде жаңа техникаларға қол жеткізіп, кәсібін өткердетіп отырғанын айтқан шаруашылық иесі жұмыспен 120 адамды қамтып отырғанына тоқталды.

Қазығұртта 10 мың қой қатар бордақыланатын кешен салынуда

Айта кетейік, «Сапа-2002» шаруашылығында қойдан бөлек жылқы мен ірі қара да бар. Жалпы, мал басы 9 мыңнан асқан. Малдың жем-шөбі де осында әзірленеді. Яғни, мал бағумен қатар элиталы бидай, мақсары және жоңышқа тұқымын өндірумен айналысады. Өсімдік майын шығаратын цехы да жұмыс істейді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі