Төлеби ауданында 700-ге жуық мал бордақылау алаңы бар

504

 

Төлеби ауданында жалпы 682 бірлік мал бордақылау алаңшалары бар. Бүгінгі таңда оларда 7 956 бас мал бордақылануда. Солардың бірі Киелітас ауылдық округінің тұрғыны Гафуржан Халметов мал бордақылау ісін жандандыруда.

Жеке кәсіпкердің мал шаруашылығымен айналысқанына 15 жылдан асқан. Бүгінде қожалық иелігінде 70 бас жылқы бар.

Кәсіпкер ет өнімдерін аудан аумағына шығарып, халықтың сұранысын қанағаттандырып келеді. Г.Халметов отбасылық бизнесін дамытып, 4 ұлын осы кәсіпке баулуда. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып отырған азамат берекелі ісін дамыту бағытында қажырлы еңбек етуде.

QAINAR KÓZТүркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі