Шымкентте қазылған көшелерді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қаладағы Клара Цеткин және Қапал батыр көшелерін жөндеу қарқын алған.
Еске салар болсақ, көшелер екі жыл бұрын қазылып, кәріз жүйесі жүргізілген болатын. Сол кезде құрылыс аяқталғанымен жолды қалпына келтірілмеген. Биыл жергілікті тұрғындардың шағымынан кейін қала әкімі қарамағындағы қызметкерлерге қатаң тапсырма берді. Енді күн суымай қалпына келтіру жұмыстары аяқталуы тиіс.
Өз міндетіне немқұрайлы қараған мердігер компанияға 2 миллион теңгеден аса айыппұл салынған. Оны да елемегені үшін 22 млн теңгені тағы төлеуі мүмкін. Бүгінгі таңда мердігер «Грантел» компаниясының ісі сотқа тапсырылды. Содан болар, серіктестіктің мамандары үш күннен бері жіберген қателігін жөндеуге кірісіп кетіпті.
Нұрлан Күдерұлы