Қылмыстың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

729
Құлмыстың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың  алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия қызметінің мақсаты – құқық бұзушылыққа қарсы жұмыстың тиімділігін арттыру болып табылатынын айтқан аймақ басшысы мәжілісте облыстық ішкі істер департаменті және жергілікті полиция қызметі бастықтарының 9 айлық есебі тыңдалатынын жеткізді.

Бірінші болып сөз алған облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов тоғыз айда департамент тарапынан облыс аумағында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу бағытында бірқатар нақты іс-шаралар жүзеге асырылғанын атап өтті.

Құлмыстың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

— Жүзеге асырылған шаралардың нәтижесінде облыс аумағында орын алған жалпы қылмысты құқық бұзушылықтардың саны 13,6 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, жекелеген қылмыстың түрлері де азайған. Жалпы ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 5,4 пайызға және басқа да қылмыс санаттары мен түрлерінің ашылымы жақсарып келеді, — деді Ж.Сүлейменов.

Мұнан соң жергілікті басты мақсаттары аймақтағы қылмыстық жағдайды төмендетуді басты мақсатқа қойып отырғанын айтқан облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Абдығани Сейдуалиев өңірде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында нақты іс-шаралар жүзеге асырылғанын айтты.

Мәселен, қоғамдық тәртіпті сақтау, жасөспірімдер  қылмысының алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі құқық қорғау органдарымен бірлесе жергілікті полиция қызметі 22 әртүрлі («Құқық тәртібі», «Қадағалау», «Жасөспірім» «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Абайлаңыз балалар» т.б.) кең көлемді  жедел алдын алу шараларын ұйымдастырған.

Құлмыстың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Аталған іс-шаралардың нәтижесінде облыстағы жедел жағдай тұрақты болып, қылмыс саны төмендеген. Атап айтар болсақ, жалпы қылмыстардың саны 13,6 пайызға, оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау 12,4 пайызға, мал ұрлығы 18,8 пайызға  төмендеп отыр.

Мәжілісте баяндамашыларды тыңдаған аймақ басшысы отырыста облыс халқының әрбіріне қатысты маңызды мәселелер талқыланғанын айтып, қылмысты болдырмау бір құқық қорғау органдары ғана емес, барлығымыз қоғам болып бірлесе жұмыс атқару қажеттігін айтты. Әкім қылмысты болдырмау үшін жасақталаған алдын алу іс-шаралардың тиімділігін зерделеп, жаңа әдіс-тәсілдерді әзірлеу бойынша тапсырмалар беріп, жауапты сала басшыларына ведомствоаралық комиссия жанынан жұмысшы топ құрылуын жүктеді. Сондай-ақ, ол жиын барысында айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелерді хаттамаға енгізіп, оң нәтижелі жұмыстарды атқаруды тапсырды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі