Бексейіт Түлкиев атындағы мектепке — 50 жыл

1225
Бексейіт Түлкиев атындағы орта мектепке - 50 жыл

Биыл Төлеби ауданына қарасты Қасқасу ауылындағы Бексейіт Түлкиев атындағы орта мектептің ашылғанына 50 жыл толады. Әуелде Куйбышев, кейіннен Түлкиевтей дара тұлғаның есімін арқалаған білім ошағы жарты ғасырда талай түлектің қанатын қатайтып қақтырды. Спорт пен сурет саңлағының есімі бірелген мектепті кіл мықтылар бітірді десек, артық айтқандық емес. Сол мықтылар білім ошағының негізі қаланған тұста, сонау 1967 жылы бүгінге арнап аманат хат қалдырыпты.

Бексейіт Түлкиев атындағы орта мектепке - 50 жыл

Әр қырында сыр жатқан, әр белінде жыр жатқан қасиеті мен қадірі асқан Қасқасу туралы ән де, ойлы әңгіме де көп. Алатаудың бөктеріндегі аялы ауыл тек тұмса табиғатымен ғана емес, түлеп ұшқан таланттарымен де танымал. Ал сол таланаттарды білім нәрімен сусындатқан — Бексейіт Түлкиев атындағы мектеп. Шәкірттеріне құшағын айқара ашқан білім ошағына биыл тура 50 жыл болыпты.

Берді Сиқымбаев — ардагер ұстаз. Осы мектептің алғашқы түлектерінің бірі. Ол үшін білім ошағының әр бұрышы мен қабырғасы балалық ой-армандарын еріксіз еске түсіреді.

Бексейіт Түлкиев атындағы орта мектепке - 50 жыл

Түлкиевтей дара тұлғаның есімін алған білім ошағы бұған дейін Куйбышев деп аталатын. 1967 жылы мектептің қабырғасын жаңадан қалаған тұста аманат хат орап, капсула қалдырған екен. Енді соны араға 50 жыл салып, сондағы түлек көпке жария етіп оқыды. Шымкентбай Сәрсенбеков сол кезде 12 жаста екен.

Бексейіт Түлкиев атындағы орта мектепке - 50 жыл

Сәрсенбеков Шымкентбай: «Мен осы капсуланы салысқан кезде 12 жасар едім. Сол шақта осынау хатты бүгін немерелерімен оқып беремін деп ойламаппын. Барлығы да күні кеше болғандай.»

Бексейіт Түлкиев мектебінен түлеп ұшқан түлектер арасында Амалбек Тшанов, Халық Абдуллаев сияқты танымал тұлғалар жетерлік. Бұрынғы әкімдерден бөлек қоғам қайраткерлері, ақындар мен генералдар, сан саланың тарландары шыққан. Ал биыл білім ошағы күрделі жөндеуден өтіп, шәкірттер үшін есігін айқара ашты. Бұл жолы да оқушылар ағаларының әрекетін қайталап, тағы да ұрпаққа аманатын жазып, капсула қалдырды. Енді оны 20 жылдан кейін ашып оқуға бел буып отыр. Аманат хаттың мазмұнын, амандық болса, сол кезде білетін боламыз.

Бексейіт Түлкиев атындағы орта мектепке - 50 жыл

Мақсат Жақсыбаев