«Изуми» балаларға базарлық жасады

503

Бұлар – ерекше балалар. Бірі айықпас дертпен арпалысып, берілмей келеді. Енді бірін ата анасы жарық дүниеге келген күннен бастап тастап кеткен. Оларға жақсылық жасау әркімнің-ақ қолынан келеді. «Изуми» сауда үйінің басшылығы да балалар үйінің тәрбиеленушілеріне үзбей жақсылық жасап келеді. Қайырымды жандар бұл жолы да ойыншықтар мен кілем сынды сыйлықтарын ала келіп, балаларға базарлық жасады.

"Изуми" балаларға базарлық жасады

Ана туралы әннің әр сөзі жүректерге жылы тиеді. Әр бала ата-анасының аяулы алақанында болуы керек. Жеті жасар Аман Еркенов те осылай деп әндетті. Интернат тәрбиеленушісінің көзінде мұң, сөзінде нұр. Әні арқылы әрбір адамды мейірімге шақырады.

"Изуми" балаларға базарлық жасады

Шымкент интернат-мектебінің тәрбиеленушілері – ерекше балалар. Түрлі дерт дендесе де беріспеген балақайлар да, ата-анасы бас тартқандар да осында. «Изуми» сауда жүйесінің қызметкерлері өмірдің салқынын туа сала сезінгендерге тарту жасап, қуанышқа бөледі. «Біз біргеміз» акциясы жүйелі түрде өткізіліп келеді. Бұл күні баланың дамуына оң ықпал жасайтын ойыншықтар мен көлімді кілем, басқа да қажетті заттар базарлық ретінде берілді.

Камила Ахмедова, «Изуми» СҮ әкімшісі: «Бала бақыты – біздің бақытымыз. Бала жүзіндегі қуаныш, риясыз күлкі – ересектер үшін үлкен жауапкершілік. «Изуми» сауда жүйесі енді осындай қайырымдылық акциясын бұдан да жиі өткізіп тұратын болады. Балалар үйінің қызметкерлеріне рахмет. Бізге қуаныш сыйлаған балғындарға рахмет!»

"Изуми" балаларға базарлық жасады

Балалар да өздеріне қуаныш сыйлаған қонақтарға концерттік бағдарлама дайындапты. «Барлығы мүмкін» дейді гироскутермен өнер көрсеткен ерекше артистер.

Осылайша өнерімен тәнті еткен балалар қошеметке бөленді. Мейірім мен жылылық, жан шуағын сыйлаған «Изуми» сауда жүйесінің басшылығына алғыс білдірді.

Жанар Есенбекова